Павлодарда таныс зейнеткердің үйіне қонаққа барған 30 жастағы тұрғын үй иесін тонап кетті. Үйіндегі бар жиған-тергенінен айырылған 64 жастағы ер кісі дереу полицияға арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, қонақ келіп кеткен соң үйінде тұрған сейфт ішіндегі ақшасы мен бағалы заты ұрланған.
«Ұрлық жасады деген күдікті облыс орталығының 30 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол оқиға болған күні жәбірленушімен бірге спирттік ішімдік ішкен. Зейнеткер басқа бөлмеге кірген кезде сейфтен 875 мың теңге ақша мен үйі иесінің алтын алқасын қолды еткен. Полицейлер 200 мың теңге мен алтын бұйымды тәркіледі. Ал қалған ақшаны күдікті өз қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген» деп атап өтті облыстық Полиция департаменті.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.