«Табиғатта қоқысқа жол жоқ!» республикалық акциясы өз мәресіне жетті

390

2022 жылғы 5 қазанда «Табиғатта қоқысқа жол жоқ!» атты жалпыұлттық экологиялық акциясы бастама алған болатын.

Мақсаты – табиғатқа деген тиімсіз әрі тұтынушылық көзқарасқа қарсы тұратын адамдардың басын біріктіру.

Қоқыстардан тазартуды қажет ететін ең ластанған жерлер анықталып, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп акцияны өткізу кестесі бекітілген болатын.

Бірінші кезең а.ж. 8 қазанында бүкіл республика бойынша басталып, соңғысы өткен сенбіде аяқталды.

Акцияның барлық 4 кезеңінде экоактивистер, еріктілер, кәсіпорындар мен мемлекеттік органдардың өкілдері, жалпы халық болып қатысты. Бұл – шамамен 847 мыңнан астам адам.

30 мың тоннадан астам қалдық жиналды. Жиналған қоқыс сұрыпталып, қайта өңдеуге 5,5 мың тонна шыны, 9,2 мың тонна пластик, 3,1 мың тонна резеңке, 4,4 мың тонна қағаз бен картон және 2,7 мың тонна металл жөнелтілді.

Алдыңғы пост
​12 жыл бойы іздеуде жүрген алаяқ әйел ақыры ұсталды
Келесі пост
​Басқосуға түрлі маман иелерінің киімін киіп келген достар желідегілерді тәнті етті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu