40-қа жуық түркістандық шенеунік түрмеде жүр

Теги: , ,
416

40-қа жуық түркістандық шенеунік бір күнін темір тордың ар,ы жағында өткізді.

Лауазымды қызметкерлер Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №69 түзету мекемесіне барды. Шенеуніктер темір тордың ар жағындағылардың ахуалымен танысты. Қамаудағы жағдайды өз көздерімен көрді.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабаралуынша, бұл шара шенеуніктер арасындағы «бармақ басты, көз қысты» әрекеттердің алдын-алу үшін ұйымдастырылған. Мақсат – мемлекеттік қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жазаның қалай өтелетінін тікелей таныстыру арқылы жемқорлықтың алдын алу. Пара алғанның барар жері абақты екенін ұғындыру.

Қатаң режимдік бақылау изоляторына мемлекеттік мекеме басшылары мен олардың орынбасарлары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, жалпы  40-қа жуық адам арнайы автобуспен жеткізілді. Мемлекеттік қызметкерлер сотталушылардың жататын жері, тергеу изоляторы, жеке камера, асхана мен аулаларын аралап көрді.

Мамандардың айтуынша, мұндай шаралар сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетуге әсер етеді.

Алдыңғы пост
Шымкентте екі команда жанкүйерлері арасында жанжал болды
Келесі пост
Жаз басталғалы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 3 есеге артты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu