321
Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленушінің айтуынша, оның құрылыс жұмыстары бітпеген үйіне ұры түскен. Яғни, үйдің есігін белгісіз біреу бұзып, ішінде тұрған цемент араластыратын (миксер) техникасын жымқырып кеткен. Шығын көлемі 270 мың теңге. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді.
“Күдікті ер адам тәулік ішінде анықталды. Тексеру кезінде ол ұрлап алған құрылғыны 50 мың теңгеге бас пайдасының қажеттілігіне сатып жібергені анықталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде” деп атап өтті облыстық Полициядағылар.