Шымкентте көші-қон саясатының мәселелері талқыланды

410

Шымкент қаласында көші-қон туралы жаһандық шарттың жұмысын жандандыру, елдегі БҰҰ көші-қон желісінің сапалы жұмысын қамтамасыз ету мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. “Қазақстандағы көші-қон процестерінің заманауи бағыттары” тақырыбындағы отырысқа ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысып, пікір алмасты.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов ҚР Көші-қон саясатының мақсаттары мен міндеттері туралы егжей-тегжейлі айтып, негізгі бағыттар бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Қазіргі уақытта білікті кадрларды даярлау, жаңа технологияларды енгізу, шетелге шыққан азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері өзекті болып отыр.

БҰҰ Бас Ассамблеясы Халықаралық көші-қон саласындағы ынтымақтастық негізінде көші-қон туралы Жаһандық шартты мақұлдады. Осыған байланысты көші-қон саясатын жетілдіру, мигранттар үшін жеңілдіктерді ескеру, проблемаларды барынша азайту көзделіп отыр.

Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Ғабит Мәуленқұлов қалада осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

– Соңғы жылдары Шымкент қаласына келетін шетелдіктер саны артып келеді. Биыл қалаға 1000-нан астам адам көшіп келді. Туыстарды бейімдеу орталығы жұмыс істейді. Шетелдік жұмыс күшін тарту бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бізде мұнай-газ және жалпы техникалық салаларда мамандар жетіспейді. Бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде, – деді Ғабит Мәуленқұлов.

Сондай-ақ, іс-шарада “Қоғамдық пікір” ҒЗИ директорының орынбасары Айгүл Мәжитова қауіпсіз, реттелген және заңды көші-қонды қамтамасыз ету мақсатында халықаралық әріптестік пен жаһандық ынтымақтастықты нығайту бағытында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Ол бірқатар зерттеулердің нәтижелерін ұсынды.

“Сана Сенс” әйелдер бастамалары құқықтық орталығының директоры және Халықаралық көші-қон ұйымының Қазақстандағы миссиясының өкілдері Шахноза Хасанова баяндама жасады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының 2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасын әзірледі. Атап өткендей, еліміздің жаңа көші-қон саясаты ұлттық ерекшелікке бейімделген үздік әлемдік тәжірибелерге негізделіп, отандық экономиканың дамуына ықпал ететін болады.

Алдыңғы пост
Балтақпен тұрып ән салған мүгедек қыз жүректерді елжіретті
Келесі пост
Шымкенттен шығарылатын шыны мозаика шетелде сұранысқа ие

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu