Қазақстанда 20 жыл ішінде кедейлік деңгейі шамамен 9 есе төмендеді

400

​Халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі белсенді шаралардың арқасында 2001-2021 жылдар кезеңінде Қазақстанда кедейлік деңгейі, яғни табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 46,7%-дан 5,2%-ға дейін төмендеді, деп хабарлайды ҚР ЕХӘҚМ.

Әлеуметтік саясаттың негізгі міндеті және оның тиімділігінің басты өлшемі Қазақстан халқының әл-ауқатын ұдайы арттыру болып табылады. Елдегі кедейлік деңгейінің серпінді төмендеу үрдісі 2000-2005 жылдар кезеңінде қолданыста болған республикалық бағдарламаларды іске асырудың нәтижесі болды. Бұл үдерісте 2002 жылы күшіне енген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңның қабылдануы ерекше рөл атқарды. Бұл құжатта қандай да бір объективті себептерге (жасына, уақытша еңбекке жарамсыздығына, денсаулық жағдайына, жұмыстың болмауына және т.б.) байланысты өз тыныс – тіршілігі үшін жағдайларды қамтамасыз етуде қиындық көріп отырған табысы аз азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) көрсету көзделеді.

Елдің индустриялық дамудың жаңа кезеңіне өтуі жағдайында қолданыстағы ең төменгі әлеуметтік стандарттарды қайта қарау, АӘК күшейту, енжар көмектен өмірлік қиын жағдайды еңсеру үшін отбасылардың еңбек белсенділігі мен күш-жігерін ынталандыратын белсенді саясатқа көшу қажеттілігі қалыптасты. Осыған байланысты 2020 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің қолданыстағы жүйесі түзетілді. Негізгі бағдар еңбекке ынталандыру, табысы аз азаматтардың табыстары мен мемлекеттік қолдау мөлшерлерін есепке алуға қатысты ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету болды.

Енгізілген шараларды іске асыру кешенде жүзеге асырылады және көпбалалы аналарды қолдауды, жаңғыртылған атаулы әлеуметтік көмекті, кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы қамтиды.

Предыдущая запись
В Астане откроется Офис водородной дипломатии Германии
Следующая запись
За 20 лет уровень бедности в Казахстане снизился почти в 9 раз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню