436
Оқиға қазанның 30-ынан 31-іне қараған түні болған. 112 құтқару қызметіне сағат 01-50 минутта Нұрсат шағынауданының тұрғыны көмек сұрап хабарласқан. Қоңырау шалушының айтуынша, мысығының басы есікке қысылып қалған. Үй иесі жануарға өзідігінше көмектесуге тырысқанымен, нәтижесіз болмапты.
«Мұндай жағдайлар жедел-құтқару жасағы қызметкерлерінің құзыретіне кірмейді. Бірақ адамгершілік танытып олар көмек көрсетуге барды. Жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшесі оқиға орнына барды. Арнайы құралдың көмегімен мысықты есікке қысылып қалған жерінен босатып, үй жануарын иесіне аман-есен тапсырды» деп атап өтті қалалық Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.