​95 жастағы әжей әскерден келген немересін сән-салтанатпен күтіп алды

Теги:
387

Қарт тұрғын Отан алдыдағы борышын өтеп келген немересін тағатсыздана күтіп, ерекше қарсы алды. Оның видеосын ТікТок қолданушысы парақшасында бөлісті. Автордың жазуынша, жас жігіт үйіне әскерден түнгі сағат 3.45-те келген. Әжесі түннің ортасына қарамастан немересін уақыт санап күткен.

Видеодан көше басында бірнеше көліктің алдында жас жігіттің келе жатқанын көруге болады. Желі қолданушыларының кейбірі жігіт келін әкелді деп ойлап қалған. Отан алдындағы борышын өтеген ұлды туыстары қақпаның алдында қарсы алады. Тіпті отшашу атылып, қошеметке бөледі.

Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары отбасының қуанышына ортақтасып, әжейге ұзақ ғұмыр тіледі.

«Аман-есен келуімен құттықтаймын, қуаныштымын», «Құтты болсын! Әскерден келген балаларды көрсек қуанатын болдық», «Ботам-ау сол, Аллам бізге де осы күнді нәсіп етсін», «Бізге де жұғысты болсын», «Әжеңіздің ғұмыр жасы ұзақ болсын», «Немересі келін әкеле жатыр екен десем», «Неткен қуаныш, құтты болсын», «Иә, заман солай өзгерді ғой. Қазіргі заманның талабына қарай бала әскерден аман келсе той жасайтын болдық» деп жазды желі қолданушылары.

Алдыңғы пост
Шымкент: жайлы қалалық ортаны дамыту басқармасының басшысы тағайындалды
Келесі пост
​Қонақ үй клиенті 53 жастағы қызметкер әйелді зорлап кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu