Ресейде ұсталған қазақстандықтардың Украинаға соғысқа жіберілгені рас па?

58

Еліміздің азаматтары Украинаға соғысқа жіберіліп жатыр. Осы алып қашпа әңгімелерге министрлік нүкте қойды. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бұл ақпаратты жоққа шығарды.

“Ресей Федерациясында тергеуде жатқан біздің азаматтардың Украинадағы соғыс қимылдарына әкетіліп жатқаны туралы сұрақ қойылды. Мен оны тағы да жоққа шығарғым келеді. Өткен брифингте де бұл туралы айттым, біздің бірде-бір азамат өз еркінен тыс соғыс қимылдарына қатысқан жоқ және қатыспайды. Бірнеше азаматтарымыздың әлеуметтік желілер арқылы, атап айтқанда, Telegram арналары арқылы есірткі тасымалдау бойынша жұмыс тапқаны туралы фактілер тіркелді. Біз бұл азаматтардың туыстарымен байланыстамыз, бірақ атап өткім келеді, бірнеше журналист бұл тақырыпты арнайы алға тартып, өздеріне не хайп, не атақ-даңқ жинауға тырысып жатыр, қандай да бір себептермен осы 5-6 адам ақпаратта 50-60 адамға айналды. Сондықтан бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын толық жауапкершілікпен мәлімдеймін. Осы 5-6 фактінің барлығы біздің бақылауымызда”, – деді Айбек Смадияров.

Қазіргі таңда, күдіктілер ұсталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Спорттық атақтарды негізсіз беру бойынша қылмыстық іс қозғалды
Келесі пост
Асқар Құлыбаевқа тиесілі мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu