Түркістанда жол ережесін бұзған жүргізушілер дронның көмегімен анықталып жатыр

Теги: ,
397

Түркістан облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алуда тұрақты түрде рейдтік-профилактикалық іс-шаралар атқаруда. Мәселен, күні кеше Сарыағаш ауданына қарасты республикалық маңызы бар «Сарыағаш-Жібек жолы» тас жолы бойында дрон кешенді жүйесін пайдалана отырып, жұмыстар жасалды.

Әуеге ұшырылған бейнебақылау құрылғысы жол ережесін өрескел бұзып, қарсы жолаққа шыққан жүргізушілерді анықтады. Нәтижесінде 1 тәулік ішінде 12 жүргізуші анықталып, шара көрілді. Барлығына Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 596-бабы 2-бөлігі (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу, сол сияқты ұйымдасқан көлiк колоннасын немесе жаяу колоннаны кесiп өту не оның арасынан орын алу) бойынша 12 хаттама толтырылып, 500 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментіндегілер хабарлады.

Алдағы уақытта да бұл тексеріс авариялық-қауіпті учаскелерінде жалғасын таба бермек.

Предыдущая запись
Шымкент: назначен руководитель управления развития комфортной городской среды
Следующая запись
​Қарағандыда такси жүргізушісін өлтірген күдікті ұсталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню