​Шымкенттік келіншек өз үйіне ұрлыққа түскен

Теги: ,
376

Шымкентте өз үйіне ұрлыққа түсіп, күйеуі жиған ақша мен қымбат заттарды тонап кеткен келіншек ұсталды. Оқиға сағат 16:30 шамасында орын алған. Бұл кезде отағасы жұмыста болған.

Полицияның кезекші бөліміне 39 жастағы ер кісі арызданған. Ол өз арызында күндізгі уақытта жұмыстан үйіне келген кезінде өзінің азаматтық некедегі әйелі қонақ бөлмедегі сейфтен құны 200 мың теңге тұратын алтын жүзігі мен 250 мың теңгелік «Asus» маркалы ноутбугін, оған қоса 2 000 000 теңге ақшалай қаржысын жасырын жымқырып кеткендігін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 2 450 000 теңгені құрап отыр.

«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті бір тәулік ішінде қала аумағынан қолға түсті. Ұсталған азаматша өз кінәсын толықтай мойындап отыр. Айғақты заттар тәркіленіп алынды. Тергеу амалдары жалғасуда» деп атап өтті қалалық Полиция департаментіндегілер.

Белгілі болғандейі, келіншек мұндай қадамға баруына күйеуімен екеуара бас араздығы себеп болғанын жеткізген. Ал ұрлап әкеткен заттарды сатып, содан пайда таппақ болған көрінеді.

Предыдущая запись
​Түркістан облысында 7 тоннаға жуық жанармай мен дизельді заңсыз сатпақ болғандар ұсталды
Следующая запись
​Преподаватель НВП бил ремнем студентов колледжа в Шымкенте: один из них попал в больницу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню