Жыл соңына дейін Ахмет Байтұрсынұлы туралы фильмнің түсірілімі аяқталып, республикалық ақындар айтысы өтеді

427

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен ұлт ұстазы, «Алаш» қозғалысының қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорда.

Отырыста мемлекеттік органдардың басшылары мерейтой аясында атқарылып жатқан ғылыми-зерттеу, ағартушылық, мәдени-бұқаралық бағыттағы жұмыстар жайында баяндады.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлығы тағайындалғанын атап өтті. Сонымен қатар ол ЮНЕСКО-ның Париж қаласындағы штаб-пәтерінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған ғылыми конференция өткенін, онда «Ахмет Байтұрсынұлы. Таңдамалы шығармалары» (қазақ, ағылшын, орыс, түрік тілдерінде) кітабының тұсауы кесілгенін айтты. Бұдан бөлек биыл ТҮРКСОЙ ұйымы халықаралық деңгейдегі ғалымдар мен зерттеушілерге жыл сайын Ахмет Байтұрсынұлы атындағы төсбелгі тағайындағанын және Алматы қаласында ұлт ұстазының ескерткіші ашылатынын жеткізді.

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қайраткерлігіне арналған «Соңғы үкім» киножобасының түсірілімі жыл аяғына дейін аяқталатынын, желтоқсан айында мерейтойға арналған республикалық айтыс өткізілетінін атап өтті.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Торғай өңірінде Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының ескерткіші ашылғанын, Қостанай облысындағы Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби мұражайына абаттандыру жұмыстары жүргізілгенін айтты.

Отырысты қорытындылай келе, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын насихаттауға бағытталған іс-шараларды жыл соңына дейін жоғары деңгейде өткізу қажет екеніне тоқталды. Сондай-ақ Түркістан қаласында Халықаралық түркітанушылар конгресін ұйымдастыруды, ұлт ұстазының 12 томдық шығармаларының жинағын шығаруды, «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісін дайындау жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Предыдущая запись
В Казахстане число абонентов сотовой связи выросло на 4,5%, составив 25 млн единиц
Следующая запись
До конца года завершатся съемки фильма об Ахмете Байтурсынулы и проведут республиканский айтыс

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню