Атырауда вокзал маңында жан-жағына қарамастан жаға жыртысқан жастардың әрекеті жұртты шошытты. Оқиға 26 қазан күні сағат 01:05 шамасында алкомаркеттердің бірінің алдында болған. Белгісіз екі ер азаматтың төбелесіп жатқаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бұны байқаған Жедел басқару орталығының қызметкерлері дереу жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.
Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері 1994 және 1995 жылы дүниеге келген екі жігітті анықтады. Медициналық сараптаманың қорытындысымен екеуі де жеңіл дәрежелі масаң күйде екендігі белгілі болды.
«Атлаған дерек бойынша 27 және 28 жастағы жігіттерге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабының1-бөлімімен (ұсақ бұзақылық) әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен оның біріне 15 315 теңге көлемінде айыппұл салынды. Екіншісі 2 тәулікке әкімшілік қамауға алынды»,-деді Атырау облыстық Полиция департаментіндегілер.