​Келес тұрғыны қайтарымсыз ақша алып беремін деп алаяқтықты кәсіп етіп келген

Теги:
374

Түркістан облысы Келес ауданының тұрғыны алаяқтықты кәсіпке айналдырған. Аудандық полицияға жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, оның танысы алдап кеткен. Яғни ол кәсіпкерлік үшін мемлекет тарапынан қайтарымсыз 5 миллион теңге алып беремін деп сендірген. Осы қызметі үшін жәбірленушіден 300 мың теңге ақша алған. Алайда арада 1 жыл уақыт өтсе де, сенген адамы не жәрдемақы алып бермеген, не алған ақшасын қайтармаған.

«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Күдікті ер адам тұрғылықты мекенжайынан анықталды. Ол жұмыссыз, жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып тергеу амалдары жүргізілуде»,-деді облыстық Полиция департаментіндегілер.

Орта жастағы ер кісі оңай жолмен ақша табу мақсатында бірнеше тұрғынды алдап үлгерген. Барлығын да мемлекеттен қайтарымсыз ақша алып беремін деп сендіріпті. Қазіргі таңда күдіктінің алаяқтықтың 8 фактісіне қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 2 миллион теңгеге жуық. Ұсталған ер азамат қаражатты өзінің қажеттілігі үшін жұмсап жіберген.

Алдыңғы пост
​Шымкентте кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысып келген қылмыстық топ ұсталды
Келесі пост
​Биыл Шымкенттің 102 көшесінде жаңа жарық пайда болады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu