Оралда мас жолаушы полицейге тап берді

213

Оралда көлік ішінде болған жолаушы полицейге тап беріп, оған бұрағышпен (отвертка) бірнеше рет соққы жасаған. Оқиға Мұхит пен Д.Нұрпейісова көшелерінің қиылысында сағат 03.50-де болған. Тәртіп сақшылары ВАЗ-2110 автокөлігін тоқтатқан. Оны 32 жастағы жүргізуші басқарған. Тексеру кезінде жүргізушінің бұған дейін 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталған.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, көлік ішінде 24 жастағы жолаушы жігіт болған. Көлік арнайы автотұраққа шығарыла бастағанда, жолаушы полиция инспекторына шабуыл жасаған. Қылмыс жасаған кезде ол мас болыпты.

Полиция қызметкеріне шабуыл жасаған жолаушыға қатысты Қылмыстық кодекстің 380-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал жүргізуші Қылмыстық кодекстің 346-бабы бойынша жауапқа тартылатын болады.

Алдыңғы пост
Ақтөбеде қорап ішінен нәрестенің мәйіті табылды
Келесі пост
Ғаламторда жігітпен танысқан бойжеткен 2 млн тұратын алтын сақинасынан айырылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu