Республика күні Қызылордада шыны зауыты іске қосылды, деп хабарлайды Elitar.kz ҚР бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың Facebook парақшасына сілтеме жасап.
Кезінде бұл зауыт елдегі ең қымбат және жанжалды ұзақ мерзімді құрылыс нысандарының бірі ретінде танымал болып есте қалған болатын. Осыдан 16 жыл бұрын қазақстандық шыны компаниясы мен премиум шыны өндірісіне маманданған британдық Pilkington компаниясы Pilkington KZ бірлескен кәсіпорнын құру туралы келісімге қол қойған болатын. 2007 жылы оның іргетасы салтанатты түрде қаланғаны мәлім.
25 қазанда, Республика күніне орай, Қазақстан үшін отандық шыны өндірісі шындыққа айнала бастады.
Зауыттың жылдық қуаттылығы – 197,1 мың тонна өнім. Айта кету керек, Арал өңірінде шыны бұйымдарын өндіруге қажетті шикізаттың мол қоры бар. Мұнда жоғары сапалы кварц құмы, доломит, әктас кен орындары молынан бар.