Петропавлда халықаралық қолөнершілер фестивалі өтті

409

Петропавлда 23-25 қазан аралығында «Qyzyljar – шеберлер мекені» халықаралық қолөнершілер фестивалі өтті, деп хабарлайды Elitar.kz Қазақпаратқа сілтеме жасай отырып.

Фестиваль барысында шеберлік сыныптары өтіп, жәрмеңке ұйымдастырылды. Оған Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Қырғызстан, Тәжікстан, Ямало-Ненец автономиялық округінен, Ресейдің Түмен, Қорған, Челябі және Омбы облыстарынан 24 шебер қатысты. Қазанның 24-25-і қолөнершілер фестивалі Орталық алаңда жалғасты.

Ағашты, сүйекті, былғары мен металды көркем өңдеу, киіз басу, балқыту, патч тігу, зергерлік бұйымдар, тоқыма қуыршақтары мен ойыншықтар жасау, қара керамика, гипс, қайың қабығынан жасалған бұйымдар және т.б. фестивальде көрермендер назарына ұсынылып, сатылымға түсті.

Ұйымдастырушылар атап өткендей — мәдениет басқармасы мен облыстық музей бірлестігі — шараның негізгі мақсаты дәстүрлі қолөнерді сақтау, халықтық сәндік-қолданбалы өнерді насихаттау және дамыту болып табылады.

Предыдущая запись
В Петропавловске прошел международный фестиваль ремесленников
Следующая запись
Герои Республики: для многих примером стала 70-летняя женщина-таксист

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню