​Шымкент көшелерінде ерекше кортеж өтті

Теги: , ,
366

Іс шара мемлекеттік туды жоғарыға көтеруден басталды. Мемлекеттік туды көтеру рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, зиялы қауым өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, құқық қорғау органдары, сот, БАҚ басшылары, белсенді жастар және «Жастар Рухы»жастар қанатының өкілдері қатысты.

Шымкент әкімі жиналғандарды атаулы күнмен құттықтап, қаланың жетістіктерін атап өтті. Нақтырақ айтар болсақ, қалаға инвестиция тартылып, шымкент даму жолында. Жаңа мәртебеге ие болдық. Күннен күнге даму үстіндеміз. 2019 жылы Шымкент республикалық маңызы бар қала болды. Соңғы бес жылда мегапллистің дамуына 1,8 трлн теңге бөлінді. Шымкентте ағымдағы жылдың 9 айында 327,9 млрд теңге инвестицияланды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға көп. Жыл соңына қарай инвестиция көлемі 5 530 млрд деңгейінде күтілуде. Бүгінгі таңда қаланың барлық аймақтық ішкі өнімінің 40 пайызы кәсіпкерлік, 23 пайызы өнеркәсіп, 25 пайызы сауда және қызмет көрсету, 4 пайызы құрылыста. Баршаңызды Қазақстан Республикасының күнімен құттықтаймын!»- деп ізгі тілегін жолдады қала әкімі.

Мұнан соң шара патриоттық әндерге ұласты. Нақтырақ айтар болсақ, опера және балет театрының ұжымы мен Ұлттық ұланның үрмелі оркестрі рухты көтерін әндерді орындап, көңіл-күй сыйлады.

Салтанатты шара мұнымен аяқталған жоқ. Шара барысында 100-ден астам автомобильдер мен велосипедшілер бүкіл қала бойынша Мемлекеттік туды көтеріп аралап шықты. Олар Бәйдібек би ескерткішіне барып тоқтады.

Ал Шымкенттік тұрғындар болса, автомобильдер мен велосипедшілерді мақтанышпен өткізіп, құрмет көрсетті. «Мереке құтты болсын! Республика Күні Құтты Болсын! Біздің туымыз, Тәуелсіз Қазақстан дами берсін! Жаса Қазақстан! Деп қалалықтар ізгі тілектерін жолдады.

Предыдущая запись
По улицам Шымкента проехал необычный кортеж
Следующая запись
​В Шымкенте наградили участника январских событий

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню