​Шығыс Қазақстанда мемлекетаралық іздеуде жүрген зейнеткер қолға түсті

Теги: ,
302

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген мал ұрысын ұстады. 63 жастағы зейнеткер 36 бас жылқы ұрлады деген күдікке ілінген. Оқиға қыркүйек айының басында болған.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Тарбағатай ауданының тұрғыны иелігіндегі жылқылардың ұрланғаны туралы арызданған. Жедел-тергеу тобы құрылып, 22 қыркүйекте Зайсан ауданының аумағында ұрланған малдың жүрген жері анықталып, ол жәбірленушіге қайтарылған. Қолда бар ақпарат бойынша ұрлық және басқа да осыған ұқсас қылмыстарға Зайсан ауданының 63 жастағы тұрғыны қатысы бар екені анықталған. Ол белгісіз бағытта жасырынғандықтан ағымдағы жылдың 5 қазанынан бастап оған мемлекетаралық іздестіру жарияланған.

ШҚО және Астана қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері жүргізген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті елордада ұсталды. Ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.

«Қолда бар ақпарат бойынша оның Тарбағатай ауданының аумағында 2018-2022 жылдар аралығында орын алған мал ұрлығының 6 фактісін жасауға қатысы бар. Қазіргі уақытта жәбірленушілерге бұрын ұрланған 70 бас мал қайтарылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде» деп атап өтті ведомстводан.

Предыдущая запись
​Шымкент ХҚКО қызметкерлері келушілерге керемет көңіл-күй сыйлады
Следующая запись
Праздничный салют из 3,5 тыс. залпов на День Республики запустят в Астане

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню