«Азаматтарға арналған үкімет» филиалы Республика күніне орай акция ұйымдастырды. ХҚКО қызметкерлері таңертең өз клиенттеріне Kazakhstan шоколадын, сондай-ақ кәдесый таратудан бастады.
Іс-шараның мақсаты халықтың көңілін көтеріп, алдағы ұлттық мерекеге орай қолдау көрсетті. Негізінен бұл шара, отандастарымыздың патриоттық сезімдерін ояту мақсатында ұйымдастырылған.
Акция бүгін, бүгін кешкі уақытқа дейін жалғасады.
Айта кетейік, мереке күндеріне байланысты Шымкент қаласының жұмыс күндері сағат 18:00 — ге дейін жұмыс жасайды. Ал кезекшілік күндері халыққа қызмет көрсету орталығы 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.
Дүйсенбіде, 24 қазанда тек кезекшілік жұмыс істейді. Бұл күні келушілерді сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылдайды.
23 және 25 қазан-демалыс күндері.
26 қазаннан бастап арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы азаматтар үшін әдеттегі режимде жұмыс істейтін болады.