Еурокомиссия Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігінің деңгейін оң бағалады

400

2022 жылғы 20 қазанда Брюссель қаласында (Бельгия) ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегация «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ (бұдан әрі — ҚАӘ) бас директоры Каталин Раду мен ҚАӘ өкілдерінің қатысуымен Еуропалық комиссиямен, ұшу қауіпсіздігі жөніндегі Еуропалық агенттікпен (EASA) және Еуропалық Одақ мүшелері мемлекеттер өкілдерімен техникалық кездесу өткізді. Еуропалық делегацияны Еуропалық комиссияның ұшу қауіпсіздігі бөлімі басшысының орынбасары Питер Соренсен басқарды. Бұл туралы Elitar.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында қазақстандық тарап ұшуды пайдалану, ұшуға жарамдылық, авиаперсоналды лицензиялау және Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігінің деңгейін жақсарту бойынша ҚАӘ процестерін стандарттау бөлігінде қабылданған шаралар мен іске асырылып жатқан түзету іс-қимылдарының жоспарлары туралы хабардар етті. Оның ішінде ҚАӘ қаржыландырудың жаңа тәсілін енгізу және Қазақстандағы азаматтық авиация саласын реттеудің еуропалық моделіне одан әрі жоспарлы көшу бөлігінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына күтілетін өзгерістер таныстырылды. Еуропалық тарап жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар бойынша Қазақстан Республикасының авиациялық билігі қабылдап жатқан шараларды оң қабылдады.

Еуропалық Комиссия делегациясының басшысы 2019 жылдан бастап Қазақстанда іске асырылып жатқан азаматтық авиацияны реттеудің еуропалық моделін жоғары бағалап қолдады және бұл ұшу қауіпсіздігінің еуропалық стандарттарына толық сәйкес келетін әлемдегі ең озық және ең тиімді тәсілдердің бірі болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанда тұрақты авиациялық реттеушінің жұмыс істеуі және елдегі ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді орындау үшін ҚАӘ ресурстарын қаржыландыру мен қамтамасыз етудің жаңа тетігін тиімді іске асыру қажеттігі атап өтілді.

Сондай-ақ, Еурокомиссия ұшуға жарамдылық, ұшуды пайдалану, әуе персоналын лицензиялау, ұшу қауіпсіздігі басқармасы, ҚАӘ процестерін стандарттау және ұйымның жаңартылған құрылымы салаларында атқарылған жұмыстардың барысын оң бағалап, осы бағыттағы жұмысты жалғастыруға шақырды. Еуропалық тарап осы мәселелерде жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Қазақстанның авиациялық биліктері ұсынған прогресс негізінде Еуропалық комиссия өкілдері бүгінгі күні қазақстандық авиакомпанияларда Еурокомиссияның ұшу қауіпсіздігі тізіміне («қара тізім») және Еуропаға ұшуға қандай да бір шектеулер енгізу бойынша қауіптер жоқ екенін растады.

Предыдущая запись
Еврокомиссия положительно оценила уровень безопасности полетов в Казахстане
Следующая запись
Руководство фирмы с огромными долгами устроило себе тайные комнаты с бильярдом

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню