Лиз Трасс Тори партиясының жетекшісі қызметінен кететінін жариялады. Ол мұрагер сайланғанға дейін премьер-министр қызметін жалғастырады, деп хабарлайды Elitar.kz Euronews.com сілтеме жасай отырып.
Консервативтік партияның жаңа көшбасшысын және премьер-министр келесі аптада сайланады
18 қазанда 47 жасар Ұлыбритания премьер-министрі өз қызметінде жіберген қателіктері үшін кешірім сұрап, алайда, билеуші Консервативтік партияның бірқатар мүшесінің үндеуіне қарамастан отставкаға кетуден бас тартқан еді.
15 қазанда британ Қаржы министрі Квази Квартенг жұмыстан босатылды. Ол алты апта ғана жұмыс істеді. Квартенгтің корпоративтік табыс салығын күрт төмендетуге бағытталған қаржылық саясаты отставкаға кетуіне түрткі болды. 17 қазанда осы саясатты мақұлдаған Лиз Трастың да отставкаға кетуін шамамен 100 депутат талап етті.
Ұлыбритания СІМ басшысы қызметін атқарған Трасс 5 қыркүйекте Борис Джонсонның орнына елдің премьер-министрі болып сайланды. Премьер-министр ретіндегі алғашқы сөзінде ол электр энергиясының қымбаттауына қарсы шаралар жариялауға уәде берді және денсаулық сақтау саласындағы реформаларды жариялады.
Трасс барлығы 45 Күн қызмет атқарды. Оның премьер-министр ретіндегі қызметі Ұлыбритания тарихындағы ең қысқа мерзім болды.
19 қазанда британдықтардың жартысынан көбі Трасстың отставкаға кетуін қолдағаны белгілі. Оның кетуін сауалнамаға қатысушылардың 53%-ы қолдаған. Респонденттердің 20%-ы жұмыстан шығаруға қарсылық білдірді.