Дежавю: Қазақстанда Отбасы істері және балалардың құқықтарын қорғау агенттігін құру ұсынылды

294

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Динара Закиева отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша бірқатар ұсыныстар айтты. Атап айтқанда, мәжілісмен жеке Мемлекеттік орган ретінде жергілікті жерлерде аумақтық департаменттері бар отбасы істері және балалардың құқықтарын қорғау агенттігін құруды ұсынады. Бұл туралы Elitar.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

“Біз сондай-ақ өңірлермен және ІІМ-мен жедел ден қою тобының қызметі шеңберінде өмірлік қиын жағдайда отбасыларды анықтау бойынша жұмыс істейміз. Бір топта учаскелік полицейлер мен әкімдіктердің барлық басқармаларының өкілдері бар. Тиісінше, учаскелік офицер қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасын анықтағаннан кейін, ол бұл ақпаратты басқармаға жібереді және барлығы осы отбасына көмек ұйымдастыра бастайды. Екі жыл ішінде 65 мың отбасы анықталды,оның 17 мыңында құжаттары жоқ. Яғни, олар бірде-бір мемлекеттік қызметті ала алмады. Балалар мектепке, ауруханаға бара алмады, ешқандай жәрдемақы мен әлеуметтік қолдау туралы әңгіме болған да жоқ”,- деді Динара Закиева отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері жөніндегі форумда.

Спикердің айтуынша, бұл тәсіл жүйелі емес. Сондықтан ол тұрмыстық зорлық-зомбылықты шешудің үш нұсқасын ұсынды.

“Бірінші нұсқа – жеке Мемлекеттік орган ретінде жергілікті жерлерде аумақтық департаменттері бар отбасы істері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі жеке агенттік құру. Сондай-ақ, біз әкімдіктер жанынан Отбасы істері жөніндегі басқармалар құруды ұсындық. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде Жастар және отбасы істері жөніндегі Комитет бар. Бірақ олардың аймақтарда басқармасы жоқ. Тиісінше, отбасыларға көмек көрсететін және нәтижеге, отбасыларды өмірлік қиын жағдайдан шығаруға, аймақтарда отбасылық саясатты жүзеге асыруға жауап беретін байланыс жоқ. Үшінші нұсқа ретінде олар отбасын Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен шығарып, осы функцияны Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне енгізуді ұсынды. Тиісінше, отбасыларға кешенді көмек көрсету үшін отбасы үшін жауап беретін біртұтас жүйе мен буын пайда болуы үшін жергілікті жерлерде әлеуметтік қорғау басқармаларының функционалдығын кеңейту”, – деп түсіндірді Динара Закиева.

Бұл елімізде отбасы мен балалар мәселелері бойынша осындай ведомство құрудың алғашқы әрекеті еместігін Elitar.kz еске салады. 2018 жылы бұл мәселені ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі және Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева көтерді. Содан кейін осындай бастамамен Қазақстанның әйелдер күштерінің Альянсы шықты. Динара Закиева да сол жылдары бұл мәселемен белсенді айналысты, бірақ ол кезде “Nur Otan”партиясы жанындағы Отбасы істері және балалардың құқықтарын қорғау кеңесі төрағасының орынбасары лауазымында болды.

Алдыңғы пост
​Қыз ұзатудағы даяшы жігіттердің әрекеті желі қолданушыларын қыран-топан күлдірді
Келесі пост
Bereke-fest Шымкентті басып алды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu