Түлкібаста енесін пышақтаған ер адам 13 тәулікке қамалды

Теги: , ,
253

Түлкібас ауданында отбасылық жанжал кезінде әйелінің анасын пышақтаған ер адам қамауға алынды. Ол өз әрекетін мойындап, сот отырысында оқиғаның қалай болғанын айтып берген.

Әйелімен жанжал кезінде енесі араға түскен. Сол сәтте ер кісі енесіне ашу үстінде пышақ сермеп, оң қолын кесіп алған. Жәбірленушінің айтуынша, қызының үйіне қонаққа барғанда қызы жерде жатқанын көрген. Отбасылық ұрыс-керістің үстінен түскен ол күйеу баласына «қой» деп айтқан кезде жарақат алған.

Сот қаулысымен ер кісі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 73-1-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 13 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды. Сонымен қатар, оған алкогольдік ішімдік ішуге тыйым салынып, 6 ай мерзімге мінез-құлқына ерекше талап белгіленді. Енді ол профилактикалық әңгіме жүргізу үшін Түлкібас аудандық полиция бөліміне айына 2 рет, әр айдың 10-ы мен 20-сына барып тұруға міндетті.

Алдыңғы пост
Браконьерлер 101 млн теңге тұратын бекіре балығын қамыс арасына жасырып кеткен
Келесі пост
Қоғамдық көліктің 90% – ы үшінші мегаполисте жаңартылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu