423
Ұзату тойында сыңсу айтылып, көпшілік қызбен қимастықпен қоштасып жатқан сәтте тойханадағы даяшы жігіттер кейбір қонақтардың көңілін көтерді.
Онда бірнеше даяшы жігіттердің бірі ұзатылып бара жатқан қыздың рөліне енсе, екіншісі оның маңдайын сүйіп, майлықпен бетін сүртеді. Бұл сәтті той қонақтарының бірі байқатпастан видеоға түсіріп алып, желі парақшасында жариялаған. Бейнежазба авторы жас жігіттер оның көңілін көтергенін жазған.
Даяшылардың бұл әрекеті желі қолданушыларын да қыран-топан күлдірді. Басым көпшілігі позитивті жастар екенін алға тартып, олардың актерлік шеберліктеріне тәнті болды.