Халыққа қызмет көрсету орталығынан үйге дейін құжаттарды жедел жеткізу сервисі қолжетімді болды

348

​Яндекс Доставка қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының дайын құжаттарды ХҚО-дан клиенттердің мекенжайына дейін экспресс жеткізу сервисі бойынша серіктесі болды. Дайын құжатты алу үшін ХҚО-ға бармай-ақ, жеткізіп беруге тапсырыс беруге болады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлады, деп хабарлайды Elitar.kz.

Енді халыққа қызмет көрсету процестері бұрынғыдан да жақсарды, дайын құжатты алу үшін ХҚО-ға қайта келудің қажеті жоқ. Бұған дейін Мемлекеттік корпорация бір жұмыс күні ішінде құжаттарды жеткізу сервисін жүзеге асырған болатын. Енді Яндекс Доставкамен бірлесіп, жеткізудің неғұрлым жылдам әрі ыңғайлы, баламалы тәсілі іске қосылды.

«Дереу арада құжаттардың қажет болып қалатын жағдайлар жиі болады, сондайда Яндекс Доставка жеткізілімін пайдалану ыңғайлы. Әрбір азаматта жұмыстан сұрануға немесе балаларын үйде жалғыз қалдыруға мүмкіндік бола бермейді. Осындайда құжаттарды жеткізу сервисі уақыт пен қаражатты айтарлықтай үнемдейді», — деп атап өтті Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Сүйеніш Әбділдин.

Мысалы, егер ХҚО-ға дейінгі қашықтық 3 километр болса, онда Яндекс құжатты шамамен 1 500 — 2 000 теңгеге әкеледі. Жеткізу уақыты — 15 минуттан 2 сағатқа дейін. Бұл уақыт көрсетілген мекенжайға байланысты, ал құны көрсетілген мекенжайдың орналасқан жеріне, жолдағы кептелістерге, жол жүктемесіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Яндекс Доставка Қазақстанның 17 қаласында бар, жақын арада бұл сервис басқа қалаларда да қолжетімді болады.

Жеткізуді рәсімдеу процесі барлық клиентке қолжетімді. Клиентке express.gov4c.kz порталы арқылы дайын құжаттарды жеткізуді рәсімдеу ұсынысымен «1414»-тен SMS хабарлама келіп түседі. Өтінімді рәсімдеу кезінде клиент сауалнамалық деректерді толтырып, жеткізу мекенжайы мен телефонын көрсетуі қажет. Содан кейін құжаттарды жеткізу үшін төлем жасауы тиіс. Нақты уақыт режимінде курьердің жол қозғалысын қадағалап, онымен Яндекс GO мобильді қосымшасы арқылы хабарласуға болады. Қосымша жоқ болған жағдайда, жеткізілімді SMS-те келген сілтеме арқылы карта виджетімен бақылауға болады.

Сондай-ақ, дайын құжаттарды жеткізу 150 мемлекеттік қызмет бойынша қолжетімді, олардың ішінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу жөніндегі құжаттар, жер учаскелеріне актілер, апостильденген білім туралы құжаттар, мұрағаттық анықтамалар, әскери билеттердің телнұсқалары және басқалар бар. Бұл ретте жеткізу сервисіне жеке куәлік, паспорт және жүргізуші куәлігі сияқты құжаттар кірмейді.

Предыдущая запись
Стал доступен сервис экспресс-доставки документов из ЦОНа на дом
Следующая запись
В Шымкенте начался отопительный сезон

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню