​Бала күтіміне байланысты демалыс мерзімі ұзартылмақ

Теги: , ,
348

Үшінші мегаполисте Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың » Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам » атты жолдауы талқыға түсті.

Бұл жолы Amanat партиясының Еңбекші аудандық филиалының мүшелері №97 жалпы білім беретін орта мектептің қабырғасында бас қосты. Мұнда партия өкілдері Бадам тұрғын алабының тұрғындарымен кездесіп, Президент жолдауын талқыға салды. Айта кету керек, мекеме ұжымынан басқа, талқылауға жергілікті тұрғындарда қатысып, жолдаудағы өздерін қызықтырған тұстарына жауап алды.

Әсіресе, қала тұрғындарының көпшілігі әйелдердің зейнет жасы мен бала күтіміне байланысты демалыстың мерзімін ұзартуға қызығушылық танытты. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған балаларға арналған арнайы шоттар туралы сөз қозғалды. Және осыған орай түрлі сауалдар болды.

«Бала күтімі бойынша декреттік демалыстағы аналарға берілетін жәрдемақы мерзімі 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұзартылады. Ал әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалды», — деп түсіндірді Шымкент қаласы Amanat партиясының Еңбекші аудандық филиалының атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова.

Кездесу барысында ұлттық қордан балаларға аударылатын аударымдар туралы сұрақтар көп болды. Яғни, тұрғындар жаңа бағдарлама аясында сауалдар көтеріп, жауап алды. Сондай-ақ, мамандар жобаның алдағы уақытта пысықталу керектігінде тілге тиек етті. Сонымен қатар, бұл бастама іске асса, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосылатынын түсіндірді.

Естеріңізге сала кетейік, бағдарламаның басты мақсаты, ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50% жасөсіпрімдерге аударады. Яғни, бала 18 жасқа толғанға дейін арнайы жинақтау шоттарына ақша аударымдары жасалады. Кәмелетке толғаннан кейін жинақталған сомалар тұрғын үй сатып алуға және білім алуға бағытталатын болады.

Жоспарға сәйкес, қор шынымен де ұлттық мәртебеге ие болады және халықтың мүддесіне қызмет етеді.

Предыдущая запись
​Все о продлении декретного отпуска рассказали жительницам Шымкента
Следующая запись
Как казахстанцы отметят День Республики

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню