​Асанбай Асқаровтың есімі ұлықталды

Теги: , ,
432

Конференцияға Асанбай Асқаровтың туыстары, оның әріптестері мен бұрынғы әріптестері, қалалық мәслихат депутаттары, ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен белсенді жастар қатысты.

Конференцияны Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ашып, Асанбай Асқаровтың қала мен елдің дамуындағы рөлін ерекше атап өтті.

«Асанбай Асқаров – Жамбыл облысында дүниеге келген, еңбек жолын қарапайым мұғалім болып бастаған. Мемлекет және қоғам қайраткері болған бірегей адам. Көптеген жайсыз жаайттарды басынан өткерседе, адамгершілігі мен адалдығын жоғары қойған. Ол, Алматы, Жамбыл және Шымкент облыстары парткомдарының бірінші хатшысы болып, қызмет атқарсада, осы қасиеттерін жоғалтпаған. Сондай-ақ, 26 жыл бойы ол үш аймақты басқарып, елдің қадір-қасиетін және жердің құндылығын сезініп, өскен өңірдің дамуы үшін қажымай еңбек етті», — деді Шымкент әкімі.

Шымкенттіктер үшін Асанбай Асқаровтың есімі мәңгі жадында сақталмақ. Әрбір тұрғын Асқаровтың дендросаябақ, хайуанаттар бағының құрылуына ұйытқы болғанын есінен шығармады. Оның сол кездегі құрылыс жқмыстарына қарқынды кіріскенін біледі. Сондай-ақ, Шымкентте көпқабатты үйлер салына бастаған.

Өз кезегінде ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері мұндай конференция болашаққа берік қадам жасаудың шамшырағы болатынын айтты.

«Асанбай Асқаровтың есімі- тек шымкенттіктер үшін ғана емес, бүкіл қазақ халқы үшін алтын әріптермен жазылған есім. Таулы тұлғалы адамның өмір жолы мен істері халықтың жадында мәңгі сақталады», — деп атап өтті жиынға қатысушылар.

Асанбай Асқаровтың қызы Жанна Асқарова да, әкесінің есімі ұлықталып жатқандығына алғысын білдірді.

«Шымкент әкемнің сүйікті қаласы болды. Бұл қала өз тұрғындарымен танымал. Мен осындай еске алу жиыны үшін өте ризамын. Қалада оның есімімен аталатын мектеп бар, көше бар, ескерткіш бар, оның есімімен аталатын дендросаябақ бар. Оны құрметтейтін адамдар бар. Уақыт өтеді.көзді ашып жұмғанша, отыз жылда өтіпті. Аз емес. Уақыт бір орнында тұрмайды. Шынында да, біз қазір әкемізден үлкенбіз. Ол зейнетке шыққан кезде, қайғылы жағдай орын алды. Адамның жасы ұлғайған сайын көзқараста барлығы өзгереді. Олардың қалдырған естеліктері, өсиеттері ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Ешкім басқа әлемге ештеңе апара алмайды», — деді Жанна Асқарова

Естеріңізге сала кетейік, өткен ғасырдың 70-ші жылдарының соңындағы ең ірі тұлғалардың бірі — аңызға айналған Асанбай Асқаров болатын. Сол кезде ол Дінмұхамед Қонаевтың ізбасарларының бірі болып саналды. Оның мансабы осы жерде аяқталды. Соңында түрлі жайсыз жағдайларға ұшырап, жұмыстан шеттетіліп, қамауға алынды.

1986 жылы Қазақстан Орталық Партия Комитетінің Колбин басқарған кезде, одан кейін де Асекеңнің басына ауыр күндер туып, төрт жылдан аса уақыт қамауда болды. Асқаровқа жағылған жала 80-жылдары белең алған қазақ зиялыларын қуғындаудың құрамдас бөлігі еді. Тергеу кезінде оған Желтоқсан көтерілісін (1986) ұйымдастыруға қатыстылығы, ұлтшылдығы сияқты «кінәлар» тағылды.

1991 жылы ол үкіметтің барлық марапаттарының қайтарылуымен толықтай ақталды. Нақтырақ айтар болсақ, А. Асқаровқа тағылған айып мүлдем негізсіз деп танылып, Қырғыз Республикасы Жоғарғы соты төралқасының шешімімен ол толық ақталды және азаматтық құқықтары қалпына келтірілді.

Рухы мен Мінезі қайратты Асанбай Асқаров, түрмеде түрлі сынақтар мен азаптарға төтеп бере алды. Арандатушылыққа жол бермеді. Өмірінің соңына дейін құрметті және еркін адам болып қала берді.

Предыдущая запись
100-летие Асанбая Аскарова в Шымкенте отметили конференцией
Следующая запись
​Все о продлении декретного отпуска рассказали жительницам Шымкента

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню