Жан түршігерлік жол апаты: Алматыда анасы мен қызын көлік қағып кетті

Теги: ,
345

Алматы облысында адам өлімімен аяқталған жол апаты орын алды. Оқиға 20 қазанда сағат 09:50 шамасында болған. Полицияға оқиға куәгерлерінің бірі Mercedes автокөлігінің жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кеткені жайында хабарлаған. Polisia.kz жазуынша, көлікті 20 жастағы тұрғын тізгіндеген.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші “Алматы-Алатау” трассында батыс бағытта 4 шақырым жүріп, Тұздыбастау ауылының маңында басып озу маневрін жасаған. Содан рөлді басқара алмай, жол жиегінде тұрған 28 жастағы әйел мен оның қызын қағып кеткен. Екеуі де оқиға орнында қайтыс болды.

Жүргізушіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Предыдущая запись
​Шымкентте дүкенге келген ер кісі азық-түлікті үйіп-төгіп алып, ақшасын төлемей кеткен
Следующая запись
В Жетысуской швейной фабрике работают преимущественно социально незащищенные граждане

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню