​Қала әкімі жол жөндеу жұмыстарына оң бағасын берді

Теги:
338

Шымкент әкімі жол сапасын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында ақпараттарды әлеуметтік желіде жариялады.

“Өтегенов көшесінің 1-кезеңі “Шымкент Сити” шағын ауданынан Сырым батыр көшесі аралығын қамтиды. Көшенің жалпы ұзындығы 1205 шақырым, ені – 28 шақырым. Жолдың жүріс бөлігі 4 жолақты. Аталған нысан бойынша алдымен автомобиль жолына жер негізін жасау және тығыздау жұмыстары атқарылды. Қазіргі таңда, асфальт жабындысының 2-ші қабатын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Өтегенов көшесі жалғасының ІІ кезеңі Сырым батыр көшесі мен Төлеметов көшелері аралығы қамтылған”, – деді қала әкімі.

Мұрат Әйтенов 2023 жылы Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысында үш деңгейлі жолдың құрылысы аяқталатынын жеткізді. Бұл көлік өткізу қабілетін екі есеге арттыруға мүмкіндік береді деді үшінші мегаполис басшысы. Айтуынша, бұл жақсы көрсеткіш екен.

“Жұмыс барысында ені 80 метр төрт және алты жолақты автомагистраль қаралған. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолы мен веложолдар салынады. Қазір Арғынбеков көшесіндегі тіреу қабырғаларын орнату және Бәйдібек би даңғылындағы көпір өткелі құрылымының негізі қаланып жатыр. Сонымен қатар, темірбетонды тіреу конструкцияларын салу жұмыстары жүргізілуде”, – деп толықтырды Мұрат Әйтенов.

Ол қараша айында N1 және N4 дұрыс жол қозғалысы ашылатынын атап өтті.

«Шығыс» айналма жолының құрылысы өткен жылы басталды. Бірінші кезеңде ұзындығы 3,9 км, ені 60 метр, №1 автожолдан әл-Фараби көшесіне дейінгі төрт жолақты жол түседі. Қазіргі уақытта негізгі жұмыстары толығымен аяқталды. Сонымен қатар, асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жоспарға сәйкес жұмыстың 75% орындалды. Құрылыс 2023 жылдың 1 тоқсанында толық аяқталады”, – деп жазды әкім.

“Оңтүстік” айналма жолының құрылысы Леңгір тас жолынан басталып, “А-2 Шымкент – Ташкент”автожолына дейінгі арақашықтықты қамтиды. Жалпы ұзындығы-16 шақырым. Қазір бұл жерде “Шымкент-Ташкент” жолымен қиылысында көпір салу және жол төсеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда жолдың негізін дайындау бойынша жұмыстар аяқталды. Чғни, 4,2 шақырым асфальт жолдың бірінші қабаты төселді.

Алдыңғы пост
Әлихан Смайылов Түркістан облысында жаңа инвестициялық жобалармен танысты
Келесі пост
​Кәсіпорын қызметкерлері жодауға қолдау көрсетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu