​Кәсіпорын қызметкерлері жодауға қолдау көрсетті

Теги:
362

Қоғамдық кеңес мүшесі Рүстем Ашетаев “Шымкентмай” акционерлік қоғамының қызметкерлерімен кездесті. Кездесудің басты мақсаты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың, “Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам ” 2022 Қазақстан халқына жолдауын талқылау.

Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлеріне жолдаудың тигізер пайдасы көп екендігі айтылды. Рүстем Ашетаев өңірде халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік беретін шаралар туралы айтып, азаматтардың сауалдарына жауап қатты.

“Жолдау “халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын кезең-кезеңімен іске асыруды айғақтайды. Өйткені біздің қоғамда Қазақстанның табиғи байлығының игілігін халық неге тікелей көрмейді деген сұрақ көптен бері айтылып келеді. Осы Жолдауда Ұлттық қордың инвестициялық кірістерінің жартысын балалардың шоттарына аудару жөнінде ұсыныс жасалды. Бұл Мемлекет басшысының бірінші кезекте халқы туралы ойлайтынын, қоғамдық пікірмен бөлісетінін көрсетеді. Мұндай бастамалар мемлекет пен азаматтар арасындағы қарым – қатынасты жетілдіруге, өзара сенімді нығайтуға негіз болады”, – деп атап өтті Рүстем Ашетаев.

Оның айтуынша, халық арасынан құрылған қоғамдық кеңестің рөлі мен маңызы артты. Кеңес қаланың өмірі мен дамуына қатысты маңызды шешімдерді талқылауға және қабылдауға қатысады. Бұл да қоғамның дамуына тікелей ықпал ету дейді кеңес мүшесі.

Кездесуде қызметкерлер жолдау туралы өз ойларымен бөлісіп, қызықтырған сұрақтарына жауа алды. Жалпы, “Шымкентмай” акционерлік қоғамының қызметкерлері мемлекеттің дамуына ықпал ететін жаңа бағытты толық қолдады.

Айта кетейік, жолдауда Мемлекет басшысы алдағы реформалар үшін бес негізгі бағытты белгіледі.

Алдыңғы пост
​Қала әкімі жол жөндеу жұмыстарына оң бағасын берді
Келесі пост
Жетісу тігін фабрикасында негізінен әлеуметтік жағынан қорғалмаған азаматтар жұмыс істейді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu