​Қайрат Нұртас Шымкенттегі ерекше балаға көлік сыйға тартты

Теги: , ,
652

Қайрат Нұртас Шымкенттегі ерекше балаға көлік сыйға тартты. Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас Төлеби ауданы Тасарық ауылындағы оңалту орталығының 10 жылдығына қатысып, балалардың көңілін көтерді. «Шымкент Добряки» еріктілері баланың арманын орындап, оған сүйікті кумирімен кездесу ұйымдастырды. Қайсар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың бірі. Ол туа біткен ауруына қарамастан, сурет салуды жақсы көреді. Сонымен қатар, қолөнер жасауды ұнатады. Еш мойымай жұмысты аяқтарымен шебер орындайды.

«Қайсар Қайрат Нұртаспен танысуды армандады. Және өзге балалар сияқты қашықтан басқару пульті бар көлік алғысы келетін еді дейді еркітілер.

Ерекше жан, әншіні шат-қшадыман көңілмен құшақ жая қарсы алды. Басқада жасөспірімдер, естелік фотоға түсіп, сүйікті әндерін бәрге шырқады. Бәрінен бұрын кездесуге Қайсар қатты таң қалды. Және қуанышын жасыра алмады.

«Шымкент Добряки» еріктілері өзге де балалардың арманын жүзеге асыру мақсатында, арнайы жобаны іске асыруда. Бұл жобада еріктілер мен жанаашыр жандар ерекше балалардың арманын жүзеге асыруға сеп болады.

«Бұл жоба ата — анасының қамқорлығынсыз қалған мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған. Біздің мақсатымыз-балаларға өмірден өз орындарын табуға көмектесу. Әрбір бала бақытты балалық шаққа құқылы. Сонымен қатар, біз барлығына мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамастан, қоғамда өзге жандар секілді тең дәрежеде өмір сүруге үйретеміз. Бұл жобаның барлық қатысушылары-Тасарық ауылында орналасқан оңалту орталығынан. Жобаның өзі 20 қарашаға дейін жалғасады. Мүмкін біз бұл жобаны келесі жылы қайтажан қолға аламыз «, — дейді еріктілер.

«Мүгедектік-бұл үкім емес, бұл рухты күшейтуге себеп! Бүкіл әлемге дәлелдеңіз! Сіз батырсыз, ал қалғанының бәрі қауесет!»,- дейді белсенділер.

Айта кету керек, бұл еріктілердің алғашқы және қызықты әлеуметтік маңызды жобасы емес.

«Әр дүйсенбі, бейсенбі және сенбі сайын біз әр бала мен оның арманы туралы бейнероликтер көрсетеміз. Барлығы 11 ролик болды. Бұл балаларға біздің көмегіміз қажет. Әрбір бала бақытты болуға лайықты. Сізде өз үлесіңізді қосыңыз», — дейді еріктілер.

Егер сіз баланың арманын орындаймын десеңіз, назар аударыңыз!

1. Еріктілер бетінде көрсетілетін роликтердің бірін таңдаңыз. Бейнеде сіз бала туралы, оның арманы жайында біле аласыз. Және сыйлық ретінде нені қалайтынына көз жеткізесіз.

2. Жобаға жауапты адаммен байланысып, қай баланы таңдағаныңызды хабарлаңыз, сонымен қатар толық мәлімет алыңыз.

Егер сіз сол баланың арманын орындауды шешсеңіз, еріктілермен байланысуыңыз қажет.

Предыдущая запись
Кайрат Нуртас исполнил мечту мальчика-сироты
Следующая запись
Новые инвестиционные проекты презентовали Алихану Смаилову в Туркестанской области

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню