​1400-ден астам шымкенттік жеке тұрғын үй қорынан жалдамалы тұрғын үйге субсидия алатын болады

Теги: , ,
420

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімдігі, қалалық тұрғын үй басқармасы және «Отбасы банкінің»өкілдері жергілікті тұрғындармен кездесу ұйымдастырды.

Мемлекеттік орган өкілдері мен банк қызметкерлері қала тұрғындарына жалдау ақысын субсидиялауға кім үміткер бола алатындығы туралы жеткізді. Кімдер алуға құқығы бар нақтырақ тоқталсақ.

Азаматтардың төрт санаты субсидия алуға өтініш бере алады:

— 1 және 2 топтағы мүгедектер;

— мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

-жетім балалар;

— көпбалалы отбасылар. Бұл ретте отбасының әрбір мүшесіне соңғы 6 айдағы орташа айлық табыстың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен (37 389 теңге) аспауға тиіс. Сондай-ақ, өтінім беру үшін ЭЦҚ болуы қажет.

Тағы бір талап – үміткерлер «Отбасы банкінің» клиенттері болуы қажет. Сонымен қатар, депозиті және мекеменің интернет-банкингінде тіркелуі тиіс. Бұдан бөлек, жинақ шоты жоқ адамдар оны бейне банкинг немесе otbasybank мобильді қосымшасы арқылы аша алады.

Келісімшартты мерзімінен бұрын бұзуға және басқа жалға берушімен жаңасын жасауға болады. Бұл жағдайда өтінім процесі қайтадан басталады. Сондай-ақ,» Отбасы Банкі » ай сайын төлем тәртібіне мониторинг жүргізіп отырады. Ал, субсидия алушыларды жыл сайын олардың бағдарлама шарттарына сәйкестігін тексеретін болады.

Бұдан басқа, әкімдіктер әр тоқсанда кемінде бір рет жалға берілетін тұрғын үйді және онда тұратындарды тексеретін болады. Жақын туыстарынан, ерлі-зайыптылардың туыстарынан және бұрынғы жұбайларынан тұрғын үй жалдауға, сондай-ақ жалға берілетін тұрғын үйді беруге тыйым салынады.

Субсидиялау мәселелері бойынша толығырақ ақпаратты Шымкент қаласы, Бейбітшілік көшесі, 3 мекенжайдан біле аласыздар. Яғни, Amanat партиясының 1-қабатында орналасқан «Отбасы банк» консультанттарынан алуға болады.

Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша 1400-ден астам азамат тұрғын үй жалдау ақысын субсидиялауға өтінім беріп, бүгінде өтініштер мақұлданды.

Предыдущая запись
​Более 1400 шымкенцев будут получать субсидии на оплату арендного жилья из частного жилфонда
Следующая запись
​Ақтөбеде жан түршігерлік жол апатынан зейнеткер мерт болды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню