Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) микроқаржыландыру нарығын қызметі оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін және тұтынушылардың мүдделеріне айтарлықтай қауіп төндіретін жосықсыз қатысушылардан тазарту бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп отырады. Бұл туралы Elitar.kz ҚР ҚНРДА-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Осыған байланысты 2022 жылдың басынан бері микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын 72 ұйымға (бұдан әрі – МҚҚЖҰ), оның ішінде 18 микроқаржы ұйымына (бұдан әрі – МҚҰ), 42 ломбардқа және 8 кредиттік серіктестікке қатысты Агенттік микроқаржылық қызметке арналған лицензиядан айыру түрінде санкциялар қолданды.
Агенттік 50 АЕК-ке дейінгі қысқа мерзімді онлайн микрокредиттер сегментінде жоғары өсімді байқап отыр. Осыған байланысты 50 АЕК-ке дейінгі онлайн микрокредиттер бойынша берешектің шамамен 80%-ы үлесіне тиетін 10 ірі МҚҰ-ға қатысты тексеру жүргізу жоспарланып отыр. Ағымдағы жылдың соңына дейін 6 МҚҰ-да тексеру аяқталатын болады.