Түркістан облысының тұрғыны полицейлердің арқасында 62 жылдан кейін кеңестік паспортын жаңа құжатқа ауыстырды

427

​Қазығұртта КСРО кезіндегі ескі төлқұжатпен жүрген 60 жастағы ер адамға жаңа жеке куәлік берілді, деп хабарлайды Elitar.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазығұрт ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығына 62 жастағы ер адам келіп, көмек сұраған. Яғни, ол КСРО кезіндегі төлқұжатпен жүргенін айтып, жаңа үлгідегі құжат алуға өтініш білдірген.

Осы өтініш бойынша көші-қон тобының аға инспекторы Есенжан Жанысбаев оның құжаттарын қарап, оған көмектесу үшін қажетті құжаттарды тез арада рәсімдеді. Белгілі болғандай, ер адам осы уақытқа дейін жағдайы болмағанына байланысты КСРО құжатымен жүре берген.

Жаңа құжатын алуына көмектескен полицейге тұрғын өз алғысын білдірді.

– Осы уақытқа дейін ескі құжатпен жүрген едім. Ал полиция қызметкері тез арада қажетті құжаттарды жинақтап, төлқұжатымды рәсімдеп берді. Жұмыстарына табыс, отбасыларына амандық, алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, – деп атап өтті тұрғын.

Предыдущая запись
Туркестанец благодаря полицейским через 62 года обменял советский паспорт на новый
Следующая запись
21 октября во всех школах и колледжах ко Дню Республики исполнят гимн Казахстана

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню