​Ұлттық жоба» шеңберінде қалада 33 500 адамды жұмыспен қамту жоспарланған

Теги: , ,
379

Биыл ҚР Үкіметінің қаулысымен «2021-2025 жылдарға кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» шеңберінде қалада 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру болса, оның ішінде 20 759 азаматты тұрақты жұмысқа орналастыру жоспарланған.

Ағымдағы жылы Шымкент қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы «ҚР Үкіметінің 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» аясында жұмыссыздық санын азайту мақсатында жұмыс жүргізіп келеді.

Жалпы, жобаны әзірлеудің мақсаты:

– Кәсіпкерлік құрылымындағы сапалы өзгерістерді қамтамасыз ету:

– халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында шағын бизнесті дамыту;

– экономика салаларын әртараптандырудың драйвері – орта бизнеске сүйену;

– кәсіпкерлік субъектілері үшін тең жағдайлар – бәсекелестікті кешенді дамыту.

Айта кету керек, өткен жылы 29 жасқа дейінгі 2 578 азамат «Жастар практикасына», 351 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 3 064-і қоғамдық жұмысқа, 118 жас «Алғашқы жұмыс орны» жобасы арқылы және 23 421 адам бос жұмыс орындарына орналасқан.

«Күміс жас жобасы» бойынша жұмысқа орналасқан зейнет жасы жақындап қалған адамдардың жалақысының 50 пайызы мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Яғни, айлығы 100 мың болса, оның 50 пайызы мемлекет тарапынан төленеді. Егер де айлығы 200 мың болған жағдайда 30 АЕК мөлшерінен артық төленбейді- дейді мамандар.

Президент Қасым Жомарт Тоқаев, өз жолдауында жұмыспен қамту мәселесіне ерекше тоқталды. «2023 жылдан бастап, Отбасының цифрлық картасы және Әлеуметтік әмиян сияқты тәсілдерді енгізу жоспарланып отыр. Осы бастамалар аясында мемлекеттік қолдаудың түрлі шаралары біріктіріледі. Оның бәрі барынша түсінікті, ең бастысы, нақты болады әрі алдын-ала жасалады. Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасты жұмысқа орналастыруымыз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету жалғасады. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді»- деді.

Предыдущая запись
​Как в третьем мегаполисе борются с безработицей
Следующая запись
Первый замакима Шымкента встретился с генеральным консулом США

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню