Ұзақ уақыт бойы жауын-шашынның болмауы және ауа температурасының төмендеуі аясында Өзбекстан астанасында ауаның ластану деңгейі рұқсат етілген нормадан 10 еседен астамға артты, деп хабарлайды Elitar.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Осылайша, кеше, 17 қазан күні кешке Ташкент ауаның ластануы бойынша әдетте антирейтингтің бірінші қатарында тұратын Үндістан астанасы Дели мен Пәкістанның Лахорын басып озды.
Өзгидрометтің мониторинг деректерінде пайдаланатын IQAir порталының мәліметінше, қазір Ташкент ауаның ластануы бойынша әлемде бірінші орында тұр.
17 қазанда сағат 21:00-де ауадағы PM2,5 ұсақ бөлшектерінің концентрациясы 275 мкг/куб м. болған, бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған қауіпсіз деңгейден 10 есе артық – 25 мкг/куб м.
Ағымдағы жылдың 17 қазанында «Узгидромет» республиканың барлық аймақтарына суық және ылғалды ауа массалары келетінін хабарлады. Ұзақ уақыт бойы жауын-шашынның болмауына және ауа температурасының инверсиясына байланысты Ташкент қаласының ауасының ұсақ шаң бөлшектерімен ластануы сағат 18:00-ден 23:00-ге дейін артады деп күтілген.
Осыған байланысты синоптиктер Ташкент тұрғындары мен қонақтарын мүмкіндігінше үйлерінен шықпауды, көшеде бетперде киіп жүруді сұрап, оларды сағат сайын ауыстырып тұру ұсынған.