Шымкент тұрғыны ұрланған малын GPS көмегімен тауып алды

Теги: , ,
195

Полицияның “102” арнасына мал ұрлығы туралы шағым келіп түскен. Жергілікті тұрғынның айтуынша, ол жайылымға 13 қой жіберіп, біраз уақыттан кейін оралғанда үш бас малы жоғалғанын білген.

Жәбірленушінің арызы бойынша Қылмыстық кодекстің 188-1 бабы бойынша тергеу басталды. Мал ұрысын анықтауға жергілікті полиция қызметкерлері мен жедел уәкілдер жұмылдырылды.

Ұрланған мал  бұрын солардың біріне орнатқан GPS құрылғысының көмегімен табылды.

«Қойлар жеке үйдің ауласынан табылды. Үй иесі оның танысы малға қарай тұруды сұрағанын айтты. Күдікті тұрғылықты мекенжайында ұсталды. Белгілі болғандай, иесіз жайылып жүрген малды байқаған қаскүнем көлігіне бірнеше қой салып алып, ізін суытқан. Қазір ұсталғанға қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды» деп хабарлады полициядан.

Алдыңғы пост
Жауынгерлік жанұя бар ұйысқан…
Келесі пост
Астанада 18 жасар бойжеткен балконнан құлап, көз жұмды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu