ОСК ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуге халықаралық ұйымдардан 43 байқаушыны аккредиттеді

363

Орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауына 43 байқаушы аккредиттелді, деп хабарлайды Elitar.kz ОСК-ге сілтеме жасап.

«Биылғы 22 қыркүйекте ОСК 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс ҚР президенті сайлауына халықаралық байқау институтын ашқан болатын. ҚР-дағы сайлау туралы Конституциялық заңның 20-бабына сәйкес, шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді ОСК Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша жүзеге асырады. СІМ сайлауды байқауға қатысу үшін халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерге тиісті шақырулар жіберді. Сонымен қатар екіжақты негізде ҚР ОСК атынан 28 шет мемлекеттің орталық сайлау органдарына шақыру жіберілді. Бүгінгі таңда ОСК-ге Сыртқы істер министрлігінен 4 халықаралық ұйым мен 1 шет мемлекеттен 43 байқаушы аккредиттеуге ұсынылды», — деді отырыс барысында ҚР ОСК хатшысы Мұхтар Ерман.

Оның ақпаратына сәйкес,ТМД-дан – 6, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясынан – 17, Сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросынан — 13, Түркі мемлекеттері ұйымынан – 5, Грузиядан 2 байқаушы аккредиттеуге ұсынылған.

Осы тұста аталған байқаушыларды аккредиттеу туралы ОСК қаулысының жобасы әзірленіп, комиссия мүшелері оны бекіту туралы шешім қабылдады.

Предыдущая запись
ЦИК аккредитовала 43 наблюдателей от международных организаций за внеочередными выборами
Следующая запись
В Казахстане стартовал конкурс молодых авторов Dala Dauysy с призовым фондом 46 млн тенге

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню