​25 қазан — республика күніне байқау жарияланды

Теги: , ,
634

Шымкент қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Серпіліс» қоғамдық қоры 25 Қазан Ұлттық мереке -Республика күніне орай мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мақсатында байқау жариялайды. Мемлекеттік рәміздер – ел дамуының ажырамас бөлігі. Сондықтан қазақстандықтардың осы рәміздерге деген құрметі, оларды бойтұмардай қастерлеуі ерекше сезіліп тұруы тиіс. Рәміздер арқылы елімізді бүкіл әлем таниды. Өйткені, онда қазақ халқының бастан өткізген тарихы, мәдениеті мен дәстүрі көрініс береді.

Ендеше, байқауға қатысып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметіңді көрсет! Байқау «Үздік пост», «Үздік іс-шара», «Үздік бейнеролик» номинациялары бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар Республика күніне орай өтетін жиында марапатталатын болады.

Аталмыш жоба халықтың өзекті әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталғандықтан, түрлі жылы пікірлер жазылды.

Мәселен, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, « Республика күнін ұлттық мереке ретінде қайта қалпына келтіру де әділеттілік қағидатының жарқын көрінісі екені сөзсіз. Шын мәнінде, 25 қазан біз үшін тәуелсіздікке ұмтылыс жолында тағдыршешті нәтижеге қол жеткізген күн ретінде қымбат. Себебі, Мемлекеттік егемендік туралы декларацияны қабылдау арқылы халқымыз еркіндік жолында жүйелі саяси-құқықтық қадам жасады. Сондықтан бұл күнге ұлттық мәртебе беріп, оны жалпыхалықтық мерекеге айналдырудың маңызы зор»,- деді

ҚР Президенті: «1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің Тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Осы құжатты қабылдаған кезде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев аса маңызды рөл атқарды. Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ, Тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек», – деді

Предыдущая запись
Креативные жители третьего мегаполиса могут выиграть ценные призы
Следующая запись
В Туркестанской области накажут более 2 тыс. мужей

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню