Қазақстандық әскерилер Тәжікстандағы ҰҚШҰ-ның «Шекара-2022» оқу-жаттығуларына қатысуда

343

Тәжікстанның «Харбмайдон» полигонында Орталық Азия өңірінің жедел өрістету ұжымдық күштерінің (ЖӘҰК) бөлімшелерімен «Шекара-2022» бірлескен оқу-жаттығуы басталды. Бұл туралы Elitar.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстаннан «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы полковник Бағлан Өсербаевтың басшылығымен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бөлімшесі жұмылдырылды.

Бірінші кезеңде таулы жерлерде заңсыз қарулы құралымдарды жою бойынша жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің бірлескен операциясын дайындау жүзеге асырылуда. Екінші кезеңде бөлімшелерді басқару, жауынгерлік топтарды бұғаттау және жою мәселелері пысықталып, мемлекеттік шекарадағы жағдайды қалпына келтіру мақсатында жауынгерлік және арнайы іс-қимылдар жүргізілетін болады.

Жаттығудың шешуші кезеңі «Харбмайдон» полигонында 20-21 қазан аралығында өтеді, деп хабралайды ҚР Қорғаныс министрлігі.

Алдыңғы пост
XXI ғасырдағы құлдық: 50 млн астам адам жұмысқа немесе некеге мәжбүрленеді
Келесі пост
​Түркістан облысында екі жас жігіт 1 тоннаға жуық дәнді дақыл мен сарымсақ ұрлап кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu