​Түркістан облысында екі жас жігіт 1 тоннаға жуық дәнді дақыл мен сарымсақ ұрлап кетті

Теги:
278

Түркістан облысы Келес ауданында 800 келіге жуық дәнді дақыл мен 150 келі сарымсақ жымқырған екі жас жігіт ұсталды.

Келес аудандық полиция бөліміне дәнді-дақылдарды көтерме бағада сатумен айналысатын жергілікті тұрғын арызданған. Ер адамның айтуынша, оның үйінің ауласына белгісіз біреулер жасырын кіріп, 10 қап ноқат, 2 қап ловия, салмағы 30 келі болатын маш, 1 қап күріш, 5 қап сарымсағын жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі – 1 миллион теңге.

«Аталған жайт ҚР КҚ-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. Жедел-іздестіру шаралары кезінде жәбірленушінің ұрланған дақылдары өзгеге сатылғаны анықталды. Жан-жақты жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде өзгенің мүлкін сатып кеткен күдіктілердің көлігі, олардың жүрген жері анықталды. Сол арқылы көлік көшелердің бірінен тоқтатылды. Күдікті ретінде екі жас жігіт анықталды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп, іс құжаттары жеделдетілген түрде сотқа жолданды»,-деді Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер.

Екі жас жігіт мінген көліктен 1 қап күріш пен 1 қап маш айғақты зат ретінде алынған. Белгілі болғандай, күдіктінің бірі бұған дейін жәбірленушіге тауар өткізіп жүрген. Содан ақша қажет болғаннан кейін туысымен бірге ұрлыққа түсіп, арам ойын іске асырған.

Алдыңғы пост
Қазақстандық әскерилер Тәжікстандағы ҰҚШҰ-ның «Шекара-2022» оқу-жаттығуларына қатысуда
Келесі пост
Қазақстандық оқушылар робототехника бойынша Женевада өткен әлемдік жарыста рекорд орнатты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu