Түркістан облысының полицейлері есірткі жарнамалаған 200-ден астам сайтты анықтады

336

​Түркістан облысының полицейлері жыл басынан есірткі жарнамалаған 214 сайтты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері интернет әлеміндегі есірткі саудасына тосқауыл қою, есірткі қылмысының алдын алу мақсатында қарқынды жұмыс жүргізуде.

Мәселен, жыл басынан бері ПД-ның Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының полицейлерімен осындай заңсыз әрекетпен айналысатын 214 есірткі сайты анықталып, оларды бұғаттау бойынша шешім қабылдау үшін құзыретті мемлекеттік органға жолданған.

Жалпы, облыс полицейлері 9 ай ішінде 165 есірткі қылмысын тіркеді. Оған қоса 208 есірткі теріс қылықтары анықтады. Оның ішінде 19-ы есірткі сату қылмысы, 19-ы аса ірі көлемде есірткі затын сақтау, 55-і есірткі контрабандасы. Есірткі өсімдігін еккен 69 дерек анықталды.

Сондай-ақ 200 мың түптен астам сора өсімдігі табылып, жойылды. Заңсыз айналымнан 1,5 тоннаға жуық түрлі есірткілер тәркіленіп алынды.

Предыдущая запись
Свыше 200 наркосайтов заблокировали в Туркестанской области с начала года
Следующая запись
Число погибших в ДТП увеличилось в Казахстане на критические 17% за год

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню