ТМД-дағы ең қымбат таксилердің бірі Қазақстанда

380

Numbeo мәліметтері бойынша, абиылғы 6 қазандағы жағдай бойынша, 1 километрге такси бағасы ең арзан Пәкістанда (0,18 АҚШ доллары), ал ең қымбат Швейцарияда (3,93 АҚШ доллары) болды, деп хабарлайды ranking.kz-ке сілтеме жасаған Elitar.kz.

«Қазақстанда 1 километрге такси қызметінің бағасы 0,32 АҚШ долларын құрады. Қазақстан такси қызметінің арзандығы бойынша 105 елдің ішінде 12-орында. ТМД елдерінің ішінде такси қызметі Әзірбайжан мен Ресейде Қазақстаннан қымбат болса, Беларусь, Өзбекстан, Молдова, Украина және Арменияда керісінше арзанырақ», деп жазады Ranking.kz.

Биылғы қаңтар–тамыз айларында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың кірісінде оң динамика байқалады — бір жыл бұрынғы 2,8 млрд теңгемен салыстырғанда 3 млрд теңгені құрады (ақшалай түрде 6,4% көбейді).

Саладағы ең жоғары көрсеткіштер Қарағанды облысында тіркелді: 1,3 млрд теңге, ақшалай түрде жылына 37,3% көбейді. Үздік үштікке сондай-ақ Астана (728,7 млн теңге, 4,4% аз) және Алматы (499,6 млн теңге, 27,1% аз) қалалары еніп отыр. Ең аз кіріс Шығыс Қазақстан облысындағы такси компанияларында байқалды: бар болғаны 0,4 млн теңге.

Жыл басынан бері 1,4 млрд жолаушы такси қызметін пайдаланды, бұл бір жыл бұрынғыдан 6,1% артық деген сөз. Жолаушылар айналымы бір жылмен салыстырғанда 8,7% өсіп, 20,7 млрд жкм құрады.

Биылғы тамыз айының қорытындысы бойынша бір жыл ішінде такси ақысы 9%-ға өскен.

Өңірлер бойынша Жетісу облысында баға айтарлықтай қымбаттаған бір жылда өсім 37,7%. Одан кейін Алматы мен Абай облыстары: тиісінше 28,1% және 21,2%. Баға ең аз өскен өңір — Ақмола облысы: 0,5%. Тағы төрт облыста — Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау және Түркістанда баға бір жыл бұрынғы деңгейде қалған.

Такси операторлары жүргізушілер үшін әлеуметтік аударымдар жасауға мәжбүр болады, деп хабарлайды Хабар24. Мұндай талап оларға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде қойылған.

Ведомство басшысы Тамара Дүйсенова 150 мыңнан астам қазақстандық таксист болып жұмыс істейтінін, олар әлеуметтік қорғауды қажет ететінін атап өткен болатын. Мысалы, қазір ауырған жағдайда олардың жалақысы сақталмайды. Жүргізушілер тегін медициналық қызмет те ала алмайтын болып шықты.

Предыдущая запись
В Казахстане одно из самых дорогих такси в СНГ
Следующая запись
В Шымкенте развивают инфраструктуру

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню