Алты жасар ағайындылар Қостанай облысында белгісіз аурудан қайтыс болды

363

Рудныйда 2016 жылы туған ағайынды екі баланың қайтыс болу фактісін облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады. бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

«Балалар Рудный ауруханасына жедел жәрдем желісі бойынша 12 қазан сағат 8 шамасында түскен. Ауруханаға түскенде әлсіреп, денесі босаңсып, ұйқышылдық мазалайтынын айтып шағымданған. Бөлімшеге орналастырылған. Инфузиялық терапия жүргізілген. Жағдайы жақсарып, анасының талабы бойынша ауруханадан шыққан», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Анасы үлкен баласы үйде қараусыз қалуына байланысты балаларын ауруханадан шығарып алуға мәжбүр болған.

«Клиникалық және зертханалық талдама нәтижесі ешқандай ауытқуды көрсетпеді. Ауруханадан шыққан кезде балалардың жағдайы бірқалыпты болған, ойнап жүрген. 13 қазан таңертең үйіне кеткен. Сол күні, ауруханадан шығарылғаннан кейін арада 12 сағат өткенде қайтыс болған. Анасы үйіне келгенде балаларының денесін тауып алған. Шақыру орнына сағат 21.20-да жеткен жедел жәрдем бригадасы екі баланың да мерт болғанын тіркеді. Өлімнің себебі анықталып жатыр», — деп түсіндірді денсаулық сақтау басқармасы.

Рудныйда алты жасар екі ағайындының өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған фактіге қысқаша ғана түсінік берді.

«Рудный қаласында алты жасар екі баланың өлімі фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — делінген полиция хабарламасында.

Осы арада қостанайлықтар мессенджерлерде анасы балалардың өліміне есірткіден улану себеп болуы мүмкін екенін айтып жатқан аудиожазба таратты.

Жазбаға сәйкес, анасы мен ұлдары дүкенге барғанда балалары сыртта қалған. Анасы дүкеннен шыққанда, екі ұлының қолында кәмпит бар екенін көрген.

Балалар тәттіні бейтаныс аға ұстатып кеткенін айтады. Үйге келгенде әйел кәмпитті қоқыс жәшігіне тастаған. Бірақ, балалары оны сол жерден алып жеуі мүмкін.

Әйелдің айтуынша, балалар бүгін жерленеді.

Предыдущая запись
Шестилетние братья скончались от неизвестной болезни в Костанайской области
Следующая запись
В Казахстане одно из самых дорогих такси в СНГ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню