15 қазаннан бастап 68 мыңнан астам теміржолшының жалақысы өседі

402

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның бұрынғы еңбекақы төлеу жүйесі тарихи қалыптасқан учаскелік коэффициенттерге негізделсе, олар тіпті бір облыс шегінде де әр түрлі болатын (бір облыста 4 коэффициентке дейін). Осыған байланысты бір өңірдегі бірқатар бөлімшелер қызметкерлері бірдей жұмыс атқарғаны үшін әр түрлі жалақы алып келді, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК » АҚ баспасөз қызметінен.

Жаңа жүйені әзірлеу 2021 жылы бастау алды, деп еске салады ҚТЖ. Ағымдағы жылдың 15 қазанынан бастап теміржолшыларға бір өңір шеңберінде жалақы бірыңғай облыстық коэффициентті қолдана отырып есептелетін болады.

Өзгерістер төменгі учаскелік коэффициенттер бойынша жалақы алып келген 68 мыңнан астам теміржолшыға қатысты.

Теміржолшылар толық ақпаратты жұмыс орындарындағы еңбекақы төлеу мәселелері бойынша мамандардан және компанияның ресми сайтынан ала алады, деп нақтылады ҚТЖ баспасөз қызметі.

Предыдущая запись
С 15 октября у более 68 тыс. железнодорожников увеличится зарплата
Следующая запись
Шестилетние братья скончались от неизвестной болезни в Костанайской области

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню