Астанада көрмеде үздік сауыншылар таңдалып, сиыр саууға арналған робот таныстырылды

415

Астанада Орталық Азиядағы ірі салалық ауыл шаруашылығы көрмелері өтуде. Мал шаруашылығы көрмесі аясында «Үздік сауыншы» жарысы өтті, оған барлық тілек білдірушілер қатыса алды.

Бәсекелеске түскендердің тәжірибесі мен жынысы маңызды болған жоқ. Ұйымдастырушыларды таң қалдырғаны, байқауға қатысушылардың 80%-ы ер адамдар болды.

Шарт бойынша қатысушыларға екі минут ішінде сүттің максималды мөлшерін сауып беру керек еді. Бас жүлде — ауыл шаруашылығы өнімдері мен 25 кг ұн.

Ерлер арасында Ақмола облысынан көрмеге келген Аяз Жеңісов жеңімпаз атанды.»Мен сүт-тауар фермасында бригадир болып жұмыс істедім. Бірақ мен ешқашан сиыр сауған емеспін, өйткені кәсіпорында аппараттық сауу болды. Мен мұндай жарыстың өтіп жатқанын көріп, әзіл үшін қатысуды шештім. Таңқаларлығы сол, 820 мл сүт сауып, жеңіске жеттім», — деді ол өз әсерімен бөлісіп.

Қыздар арасында көрме туралы репортаж әзірлеуге келген «Қазақстан» телеарнасының журналисі Әйгерім Хамит жеңімпаз атанды.»Бұрын мен сиырды бір-екі рет сауып көргем. Бірақ менде бай тәжірибе немесе жақсы дағдылар бар деп айта алмаймын. Біз нағыз сиырда емес, машинада бәсекеге түскендіктен, бұл біршама қиындау болды. Бірақ жалпы қызықты әрі көңілді болды», — деп бөлісті байқауға қатысушы.

Көрмеде сонымен қатар сиырларды саууға арналған робот та ұсынылды. Инновациялық даму сүттің өнімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлады Қазақстандағы сату жөніндегі компанияның өңірлік директоры Александр Артюхов.

«Робот үш рет сауу кезінде орташа есеппен 60 бас сауа алады. Роботтың артықшылығы — шаршау немесе жақсы көңіл-күйдің болмауы сияқты адам факторы жоқ. Ол сондай-ақ бір режимде жұмыс істейді, сиырлармен жұмыс жасауда тұрақтылық маңызды. Робот 2014 жылы әзірленді, содан бері жеті рет жаңғыртудан өтті, Біз Қазақстанға соңғы нұсқасын әкелдік», — деп нақтылады Александр Артюхов.

Ол Қазақстан нарығында робот әлі ұсынылмағанын, өйткені елде бұл бағытта енді ғана дами бастағанын айтты.

В международном выставочном центе Expo представлен новейший доильный робот - Sputnik Казахстан

Әзірге келіссөздер жүргізілуде. Мұнда дәстүрлі сауу мен роботтың арасындағы айырмашылықты түсіну маңызды, персонал тұрғысынан үлкен айырмашылық бар. Оқыту керек, тек теория ғана емес, практика да маңызды. Өкінішке орай, қазір Қазақстанда ғана емес, Еуропа елдерінде де білікті мамандар аз. Сондықтан біз оқытуды жүргіземіз және фермерлерге барлық кезеңдерде көмектесеміз. Бұл бағытта даму үшін фермерлерге мемлекет деңгейінде қолдау қажет деп ойлаймын», — деді Александр Артюхов.

Робот Германияда жасалған, Geofarm technology Rus еншілес компаниясы Ресейде орналасқан.

Естеріңізге сала кетейік, 12-14 қазан аралығында Астанада Орталық Азиядағы ең ірі KazAgro/KazFarm-2022 агроөнеркәсіптік көрмелері өтуде.

Іс-шараға 20-дан астам елден 300-ден астам түрлі компаниялар мен ұйымдардың өкілдері қатысуда.

Предыдущая запись
В Астане на выставке выбрали лучших дояров и презентовали робота для доения коровы
Следующая запись
Почти 70 детей в Гамбии умерли после приёма сиропа от кашля

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню