Көкшетауда 239 млрд теңгеге заманауи жылу электр орталығы салынады

297

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі электр қуаты нарығында жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысына тендер (Тендер) өткізу арқылы Көкшетауда ЖЭО салу мәселесін пысықтауда.

Әзірленген техникалық-экономикалық негіздемеге (ТЭН) сәйкес электр станциясының мынадай техникалық көрсеткіштері көзделеді: электр қуаты – 240 МВт, жылу қуаты – 520 Гкал/сағ. Құрылыстың жалпы құны – 239 млрд. теңгеден асады.

Қазіргі уақытта Энергетика министрлігі жоба бойынша тендерлік құжаттаманы әзірлеуде. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 4 қазандағы № 312 бұйрығымен бекітілген Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысына тендер өткізу қағидаларының редакциясына сәйкес тендерді 2023 жылғы қаңтарда өткізу жоспарланған (http://zan.gov.kz/client/#!/doc/172527/kaz).

Тендер өткізу туралы хабарландыру және тиісті тендерлік құжаттама Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында қосымша орналастырылатын болады.

ТЭН-де көрсетілген техникалық сипаттамалар бойынша толығырақ ақпаратпен төмендегі сілтемеге өту арқылы танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-energo/documents/details/300776?lang=kk.

Дерек көзі: Минэнерго РК

Предыдущая запись
В Кокшетау построят современную ТЭЦ за 239 млрд тенге
Следующая запись
В Шымкенте один из самых низких показателей трудоустройства в рамках Нацпроекта — Минтруда РК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню