Ақсу өзеніне батып кеткен үндістандық студенттің бірінің денесі табылды

Теги: ,
400

Түркістан облысында суға батып кеткен екі шетелдік студенттің бірінің денесі табылды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

«10 қазан күні сағат 13:15- Ақсу өзенінен Ханарық ауылының солтүстік жағынан төмен қарай 1,5 шақырым жерде республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары бір адамның мәйітін тапты. Табылған мүрде сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды» деп атап өтті ведомстводағылар.

Қалған бір адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда. Іздеу жұмыстарына республикалық жедел-құтқару жасағынан 5 құтқарушы, 1 жүзу құралы, Түркістан облысы ТЖД 7 құтқарушы, 1 жүзу құралы жұмылдырылды.

Еске салсақ, ағымдағы жылдың 26 маусым күні сағат 20.10-да кезекші-диспетчерлік қызметтің пультіне сағат 16.49-да Төлеби ауданының Ханарық ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан Ақсу шатқалындағы Ақсу өзенінде 2001 жылы дүниеге келген екі студенттің белгісіз жағдайда суға түсіп, батып кеткені туралы ақпарат түскен болатын.

21 студенттен құралған топ Шымкент қаласынан келген. Барлығы Үндістан елінің азаматтары. Олар Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері.

Предыдущая запись
​Биыл шымкенттік спортшылар 600-ге жуық алтын медаль жеңіп алды
Следующая запись
В Шымкенте игровые площадки моют жидким мылом

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню