484
Шымкентте Маятас елдімееніндегі жеке тұрғын үйден мектеп оқушысының мәйіті табылды. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс жөніндегі тобы хабарлады.
«Жедел медициналық көмек қызметінен кезекші-диспетчерлік қызметіне 10 қазанда сағат 06.30-да жазатайым оқиға туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға Еңбекші ауданының Маятас елді мекенінде Жалын көшесіндегі жеке тұрғын үйде болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, жуынатын бөлмеде туыстары 2011 жылы туған ұл баланың мәйітін тапты. Өлімнің себебі анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалды» деп атап өтті ТЖД.
Марқұм болған оқушы үй иесінің ұлы.